№142 ЖББ мектепте 17.04.2019 ж. өткізілген шара туралы ақпарат
№142 ЖББ мектепте 17.04.2019 ж. өткізілген шара туралы ақпарат 2019 жылдың 17 сәуірінде мектебіміздің 5 «Ә» сынып жетекшісі Кожабекова Жаңыл Жұманқызы «Ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.